Ресейде коронавирусқа қарсы үшінші вакцина тіркелді

Ресей коронавирусқа қарсы үшінші вакцинасын тіркеуге қойды.

«КовиВак» деп аталған препарат - Чумаков атындағы орталықтан шыққан өнім. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді. Зертханалық зерттеулер кезінде вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген. Екпенің өзі өлі вирустан жасалғандықтан кеселге қарсы қорғанышы да күшті болады дейді мамандар. Наурыз айында екпенің 120 мың дозасын шығару жоспары бар.

Константин Чернов, жобалық және инновациялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары:

- Біздің вакцина стандартты 2-8 градус аралығында сақталады. Және бізде сары безгекке қарсы екпені жеткізу тәжірибеміз бар. Сондықтан бұл вакцинаны тасымалдау кезінде өзге жоғары технологиялық екпелер сияқты қиындық туындамайды.