Франциядағы ауруханаларда орын тапшылығы туындады

Францияның Ницца қаласында коронавирусты жұқтырғандар саны артып, ауруханаларда орын тапшылығы туындады.

Интенсивті терапия бөлімдері 90 процентке толған. Билік мұндай дерек желтоқсан айынан бері алғаш рет қайталанып отырғанын айтады. Дәрігерлер болса емдеу орындарында жастар қарасы көбейгеніне алаңдап отыр.

Ал ресми дерекке сүйенсек, бұл елде вирусты жұқтырғандар саны 3 жарым милионнан асқан. Жақында парламенттің төменгі палатасы елдегі төтенше жағдайды маусымның біріне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.