Түркияда шағын демалыс орындарына сұраныс артты

Түркия елінде шағын демалыс орындарына сұраныс артты. Себебі коронавирустан қонақ үйлерде тәртіп қатаңдатылып, шектеу енгізілген.

Ал кемпингтік шатырларда барлық жағдай жасалған. Санитарлық талаптарға да сай. Бір демалыс орнында 2  адамнан артық  тұруға болмайды. Айта кетейік, Түркияда індеттен саяхатшылар азайып, туризм саласы қатты зардап шеккен. Салдарынан қонақүйлер мен мейрамханалардың көбі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Октай, кәсіпкер:

- Мұндай кемпингтік шатырларды ашу идеясы алғаш рет Таиландқа барғанда пайда болды. Ол жақта осындай қонақ үйлерді көріп неге Түркияда дамытпаса деген ой келді. Бірақ оларға осыншама сұраныс артады деп ойламаппын.