Үндістанда Нипах вирусынан індет таралуы мүмкін

Ғалымдар Үндістанда пайда болған Нипах вирусы тараса  әлемде тағы бір індет пайда болуы мүмкін деп ескертіп жатыр.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл вирустан адамдар арасында өлім-жітім көп болуы мүмкін.

Айта кетейік, Нипах вирусы алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Осыдан кейін Оңтүстік Азияда аурудың 12 ошағы тіркелген. Соңғы айда Үндістанда қайта пайда болды. Кесел әлі толық зерттелмеген. Ауру көбінесе жануардың сілекейі жұққан жеміс-жидектер арқылы таралады. Инфекция жарқанаттардан жұғатын көрінеді. Ал адамнан адамға ауру коронавирус сияқты оңай жұға қоймайды. Сондықтан мамандар жемістерді жуып, қабығын аршып жеуге кеңес береді.