419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилия вакцинаны Ресейден алатын болды

  • 100
  • UPD: 12:20, 21.02.2021
Бразилия вакцинаны Ресейден алатын болды

Бразилия 129 миллион долларға ресейлік «Спутник Ви» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Бразилия үкіметі мәлімдеді. Сонымен бірге үндістандық вакцинаны да сатып алмақ ниетте. Бірақ келісім қашан жүзеге асатыны әлі белгісіз.

Жалпы Бразилияда бұл екі вакцина да ресми тіркеуден өтпеген. Елде тек британиялық «АстраЗенека» мен қытайлық «Синовак» екпесін қолдануға рұқсат етілген.

Хабар 24 телеарнасы