Ресейде құс тұмауын жұқтыру дерегі тіркелді

Ресейде құс тұмауы анықталды.

Бұл туралы осы елдің Тұтынушылар құқығын қорғау қызметі хабарлады. Вирус Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабикаларында жұмыс істейтін бірнеше адамнан табылған. Бірақ билік әзірге құс тұмауының адамнан адамға жұғу дерегі болмағанын айтады. Мәліметтер Дүниежүзілік денсаулық сақтау органына жолданған.

Анна Попова, Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметі басшысы:

- Адамның құс тұмауын жұқтырғанын зертханада расталды. «Вектор» орталығының мамандары вирусты құс фабрикасында жұмыс істеген жеті жұмысшыдан анықтап отыр.