21 жастағы британиялық Жасмин Харрисон жалғыз өзі Атлант мұхитын қайықпен кесіп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, жас мұғалім рекорд орнатып, мұхитта жүзген ең жас әйел атанды.
Хариссон қауіп-қатерге толы саяхатын былтыр желтоқсан айында Канар аралдарынан бастаған. Содан ұзақтығы 5 мың шақырым қашықтытықты 70 күн 3 сағат 48 минутта жүзіп өтті. Бойжеткен сапар барысында ең көп қалағаны жақсылап тамақтану болғанын айтады. «Сондай-ақ бір уақыт әлеуметтік желілер мен даңғаза жаңалықтардан арылып, керемет әсер алдым», - дейді.
