Қытайға аяқ басатындар өз елінде 14 күндік карантинде болуы тиіс

Қытай сырттан келетіндерге тәртіпті күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл мемлекетке аяқ басатындар өз елінде 14 күндік карантинде болуға тиіс. Осы екі аптада дерт анықталмаса ПТР-тест тапсырып, антиденеге тексерілуі қажет. Ал ұшақ рейсі тікелей болуы керек. Әзірге мұндай ереже Қытайдың біздің ел және Индонезия, Сауд Арабиясы, Алжирдегі елшіліктеріндегі сайттарда жарияланған.

Айта кетейік, Қытайға сапар шегетін шетелдіктер өз елінде ғана емес, осы мемлекетке барған соң да оқшауланады. Бейжіңде ол 3 аптаға созылады.