420,46 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда белсенділер АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуларға қарсы шықты

  • 80
  • UPD: 19:53, 21.02.2021
Оңтүстік Кореяда белсенділер АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуларға қарсы шықты

Оңтүстік Кореядағы екі жүзге жуық қоғамдық ұйым АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуларға қарсы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділер маневрлерден бас тарту үшін он мың қол жинамақ. Жаттығулар наурыздың екінші аптасына жоспарланған. Тоғыз күн бойы екі елдің офицерлері компьютерді қолдана отырып, бірлескен іс-қимылдар жасайды. Қоғамдық ұйым өкілдері Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың жыл сайынғы бірлескен әскери жаттығулары Корей түбегінде шиеленіс тудырып, Пхеньянды арандататынын атап өтті. Маневрді тоқтату туралы петицияға Оңтүстік Кореядан 197, АҚШ-тан 110 және 80 халықаралық ұйым қосылды. Белсенділер Джо Байден әкімшілігінен бұрынғы Президенттің қателіктерін қайталамауға шақырды. Олар 2019 жылдың маусымында АҚШ-Корей Халық Демократиялық Республикасы саммитінде Дональд Трамптың Сеулмен бірлескен әскери жаттығуларды тоқтатуға уәде бергенін еске салды. Бірақ бұл уәде орындалған жоқ.

Чон Ун Сик, Peace Network ұйымының бас директоры:

- Қорғанысты сылтауратып, жыл сайын ауқымды бірлескен жаттығуларды жалғастыру және Солтүстік Кореядан басқа әрекеттерді күту – әурешілік. Сондықтан 2021 жылы Солтүстік-Оңтүстік қатынастарын қалпына келтіріп, Корей түбегіндегі бейбітшілік процесіне көп мән беру керек.

Хабар 24 телеарнасы