Израиль билігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтарға бірқатар шектеулерді жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шешімге сай енді жұқпалы кеселге қарсы егілген тұрғындар фитнес-клубтар мен бассейндерге және басақа да бірқатар орындарға бара алады. Бірақ бұл азаматтар өзімен бірге вакцина алғанын растайтын «жасыл паспорт» алып жүруге тиіс.
Айта кетейік, Израильде қазір халықтың үштен бір бөлігі дертке қарсы вакцина салдырған.
Кэти Гафни, жергілікті тұрғын:
- Мен қалыпты өмірге оралғаныма қуаныштымын. Вакцина салдырғанымыз қандай жақсы болды. Қазір екпе алғанымды растайтын «жасыл паспортыммен» спортзалға келіп жаттыға алатын болдым.