419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

  • 75
  • UPD: 22:52, 21.02.2021
Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты

Бүгін Нигерия астанасы Абуджи қаласының әуежайы маңында барлаушы ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай бортта болған барлық 7 әскери қызметші қаза тапты», - делінген Нигерия әскери-әуе күштерінің Twitter парақшасында жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін, Nigerian Tribune газеті алты адамның қаза тапқандығын хабарлаған болатын.

Нигерия Әскери-әуе күштерінің Beechcraft King Air 350i турбиналы-винтті екі қозғалтқышты ұшағы Абуджи халықаралық әуежайынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Нигер штатындағы Минна қаласына бет алған еді. Нигерия Авиация министрі Хади Сириктің айтуынша, ұшақтың екі қозғалтқышының бірі істен шыққан.

Нигерияның Vanguard газеті оқиға куәгерлерінің сөзін келтіреді. Куәгерлердің айтуынша, ұшқыш ұшақты тұрғын үй алаптарынан бұрып әкетіп, жазық далаға құлаған және толықтай жанып кеткен.

 

 

Хабар 24 телеарнасы