Австралияда ертең халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталады

Австралия ертең халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқанын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен дәрігерлер, шекарашылар, қарттар үйінің тұрғындары егіледі. Ауқымды шара қарсаңында ел премьер-министрі Скот Моррисон екпе салдырды. Үкімет басшысы бұл арқылы тұрғындарға вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп, екпе алуға шақырғысы келген. Ел билігі қазан айына дейін халықтың көп бөлігін вациналауды жоспарлап отыр.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Ертең елде халықты вакциналау науқаны басталғалы жатыр. Сондықтан бүгін халыққа вакцинаның қауіпсіз екенін түсіндіріп, көрсету үшін осы жерге келіп тұрмыз. Дертке қарсы вакцинаны алдымен осы індетпен күресіп жатқан адамдар және оған осал топтар алатын болады.