БАӘ-де халықтың 56% вакциналанды

Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирусқа қарсы халықтың жартысынан көбі егіліп үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. Кеше Дубай қаласына дертке қарсы вакцинаның тағы бір партиясы жеткізілді. Онымен індетпен күресіп жатқан мамандар мен осал топтарды егу көзделген. Жалпы Біріккен Араб Әмірліктерінде халықты вакциналау бойынша түсіндірме жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Билік екпе арқылы халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастырып, індеттің таралуына тосқауыл қоюға ниетті.

Сондай-ақ...