Мексикада әскери ұшақ апатқа ұшырады

Салдарынан 6 адам көз жұмды. Оқыс оқиға Веракрус штатында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, көкке көтерілмек болған әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, бірден өртенген. Төтенше жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз. Онымен Мексика Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы айналысады.

Сондай-ақ...