АҚШ-та оқыс оқиғадан кейін Boeing 777 ұшуы уақытша тоқтатылды

Америкалық United Airlines әуе компаниясы Boeing 777 лайнерлерінің кейбір түрінің ұшуына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Колорадо штатында орын алған оқиға себеп. Мұнда Гавай аралдарына бет алған ұшақтың қозғалтқышы өртенген. Оның сынықтары тұрғын үйлердің жанына құлаған. Ұшып шыққан бетте төтенше жағдайға ұшыраған алып лайнер командирі шұғыл шешім қабылдап, кері бұрылып, әуежайға оралды. Әуе кемесінде 250-ге жуық жолаушы болған. Олар өртеніп жатқан қозғалтқышты бейнежазбаға түсіріп алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірше белгісіз. Азаматтық авиацияның федералдық басқармасы төтенше жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Кирби Клементс, Колорадо штатының тұрғыны:

– Мен алғашында желден көршімнің батуты аударылған екен деп ойладым. Өйткені терезеден аулада бірдеңе жатқандай көрінді. Бірақ сыртқа шыққанымда, ұшақ сынығын көріп, шошып кеттім.

Сондай-ақ...