Барселонадағы наразылық акциясы қоғамдық тәртіпті бұзуға ұласты

Испанияда ереуілдердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Барселонадағы наразылық акциясы қоғамдық тәртіпті бұзуға ұласты.

Жастар тобы түнде көшеге шығып, қоқыс контейнерлерін өртеген. Дүкендерді тонады. Артынша Барселонаның орталық алаңына өтпек болған. Алайда жолын полицейлер бөгеді. Салдарынан ашынған жұрт оларға тас, қоқыс пен шөлмектер лақтырған. Ал полицейлер таяқ қолданған. 7 адамның қамауға алынғаны белгілі. Негізі, ереуілдерге өткен аптада рэп орындаушы Пабло Асельдің тұтқындалуы себеп болған. Ол өз әндерінде лаңкестік топтарға қолдау білдіріп, король отбасына қатысты ғайбат сөздер айтты деп айыпталып отыр. Бірақ бұған келіспеген жұрт Испанияның ірі қалаларында ереуілдер өткізіп, 100-ге жуық адам қамауға алынды.