417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жерге көлемі стадионмен тең астероид жақындап келеді

  • 73
  • UPD: 10:32, 22.02.2021
Жерге көлемі стадионмен тең астероид жақындап келеді © Depositphotos / meteor

Бүгін, 22 ақпанда, Жерге көлемі стадионмен шамалас астероид жақындайды, деп хабарлайды НАСА JPL ғылыми-зерттеу орталығы.

Есепке сәйкес, диаметрі 213 метрді құрайтын 2020 XU6 астероиді ғаламшарымызға төрт миллион километр қашықтықта жақындайды.  

Дәл осы күні Жер маңынан диаметрі 23 метрді құрайтын 2020 BV9 астероиді (5,6 миллион километр қашықтықта) мен диаметрі 40 метрді құрайтын 2021 CC5 астероиді (6,9 миллион километр) ұшып өтеді.

Ал жексенбі күні Жер маңынан 2021 DD1 және 2021 DK1 астероидтері ұшып өтті.

Хабар 24 телеарнасы