Әлемде алғаш рет қайтыс болған донорлардың жүректері балаларға салынды

Ұлыбританияда дәрігерлер жүрек трансплантациясының жаңа әдісі арқылы 12 мен 16 жас аралығындағы 6 баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар қайтыс болған донорлардың жүректерін балаларға салған. Мұндай операция жер бетінде алғаш рет жасалып отыр. Мамандар донорлық жүректі залалсыздандырылған камераға орнатып арнайы құрылғыға қосу арқылы сақтап қалған. Ал оның қағысын бір қалыпты ұстау үшін 1 жарым литр қанды оттекпен қанықтырған. Кейін қашықтан басқару пульты арқылы қанды кез келген уақытта жүгіртіп отырады. Бұл инновациялық технология арқылы британдық мамандар қайтыс болған адамдардың жүрегін өмірі қыл үстінде тұрған науқас балаларға ауыстырып, оларды аман алып қалды.