Қытайда Олимпиада нысандарының құрылысы аяқталды

Қытайда 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындары өтетін нысандардың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүбірлі дода үшін 25 стадион бөлінген. Спорттық нысандардың барлығы экологиялық технологияларды қолдану арқылы салынған. Өйткені келер жылы өтетін спорттық шарада осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, Бейжіңде орналасқан әлемдегі ең үлкен мұз айдынын суыту үшін тиімді тың технология қолданылады. Соның арқасында электр энергиясы 40 процентке дейін үнемделеді екен. Сондай-ақ атмосфераға көміртек бөлінбейді. Мұндай технология Олимпиада аясында алғаш рет қолданылатын болады. 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындары 4 ақпанда Бейжіңде басталады. Осылайша, Қытай астанасы дүбірлі доданың қысқы да, жазғы да түрін қабылдайтын алғашқы қалаға айналады. Жазғы олимпиада мұнда 2008 жылы өткен болатын.   

Ян Ян, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі:

– 2022 жылғы олимпиада ойындары аясындағы дайындық жұмыстары мен жарнама арқасында Қытайда спорттың қысқы түрімен айналысатындар қатары артып келеді. Әсіресе мектептерде қызығушылық танытып жатқан оқушылар көп.

Сондай-ақ...