419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ниагара сарқырамасы қатып қалды

  • 81
  • UPD: 15:35, 22.02.2021

Солтүстік Америкадағы ең қуатты Ниагара сарқырамасы мұз болып қатып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағын судың жартылай мұзтауға айналуына аяз себеп болған. Бүгін бұл маңдағы температура бағаны минус 3 градусқа дейін суытқан. Бір кереметі, табиғи сирек құбылыс АҚШ пен Канаданың арасында саяхаттап жүрген туристердің тура көз алдында болған. Мамандар Ниагара 1948 жылдың 29 наурызында толық қатқан еді деп еске алады. 

Хабар 24 телеарнасы