Грекияда мыңдаған адам жарықсыз қалды

Грекияның Аттика қаласында қалың қар жауғаннан кейін электр желілері үзілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған тұрғын алтыншы күн қатарынан жарықсыз отыр. Ақ ұлпа өзге де өңірлердің тұрғындарын әуре сарсаңға салды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Афина қаласында жауған қардың қалыңдығы 25 см-ге дейін жетеді. Мамандар мұндай жағдай соңғы 40 жылда алғаш рет болып отырғанын айтады. Табиғат апатынан ағаштардың бұтақтары сынып, өсімдіктер үсіп қалған. Мамандар соңғы тәулікте 300-ге жуық тұрғын үйге ғана жарық қосылғанын хабарлайды. Қазір апаттан зардап шеккен аймақтарда жолдар мен көшелерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...