Иран мен МАГАТЭ уақытша келісімге келді

Иран ядролық нысандарына Біріккен Ұлттар Ұйымының инспекторларын жіберу құқығының мерзімін тағы 3 айға ұзартуға уағдаласты. Бірақ сарапшылар бұрынғыдай өз бетінше күтпеген әрекетке бара алмайды. Барлығы алдын ала ресми Тегеранмен келісілуі тиіс.

Жаңа мәміле 23 ақпаннан бастап күшіне енеді. Уағдаластыққа Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Иран астанасына арнайы барған сапарында қол жеткізілді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңына қарай Иран парламенті атом бағдарламасын дамытуды жеделдету туралы заң қабылдаған болатын. Ол құжат бойынша АҚШ бұрын салған санкцияларының күшін жоймаған жағдайда ядролық нысандарына халықаралық бақылаушыларды жібермеуі керек еді. Бірақ МАГАТЭ-нің Тегеранға барып, арнайы келіссөз жүргізуі  бұрынғы келісімді мамырдың аяғына дейін ұзартуға мүмкіндік берді.

Батыс елдері «Иран ядролық қару жасап жатыр» деп күдіктенеді, ал парсы үкіметі «бағдарлама бейбіт мақсатты көздейді» деп ақталып әлек.

Рафаэль Гросси, МАГАТЭ Бас директоры:

- Жағдайды бақылауда ұстап отыру үшін бізге үнемі екі жақты келісіп отыру қажет. Келісімді тоқтатуға да, ұзартуға да болады. Менің де, МАГАТЭ-нің де үміті жағдайды тұрақтандыру болатын. Осы уақытша келісім басқа деңгейдегі саяси шарттардың жасалуына негіз болады деп сенемін.

Сондай-ақ...