Норвегияда қазына толы бөлменің кілті табылды

Тронхейм қаласындағы (Норвегия) Лютеран соборында қалпына келтіру жұмыстары кезінде қызықты олжа табылды.

Ағаш қабырға панельдерінің арасынан ескі кілт пен 1830 жылы жазылған жазбаны табылды. Онда «Кім бұл кілтті тапса, ол – каминнің оң жағында 500 келіге жуық алтын көмілген еден астындағы құпия бөлменің кілті» деп жазылған.

Реставраторлардың айтуынша, қағаз бен сияның сапасы жазбада көрсетілген күнге сәйкес келеді.

Аталған құпия бөлме әлі табылған жоқ.

Айта кетсек, собор 1070 жылы әулие Олаф (Олаф II король) жерленген жерде салынған және ғасырлар бойы Норвегия корольдерінің таққа отыратын орны болған. Соборда бірнеше рет өрт болып, содан кейін ол қайта қалпына келтірілді.