БҰҰ автоколоннасына жасалған шабуыл: Италияның Конгодағы елшісі көз жұмды

Италияның Конго Демократиялық Республикасындағы елшісі қарулы топтың БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының автоколоннасына шабуыл кезінде көз жұмды.  

Кортежге шабуыл Руандамен шекарада орналасқан Солтүстік Киву провинциясындағы Гома қаласында жасалған.  

Салдарынан елшіден бөлек колоннадағы көліктердің бірінің жүргізушісі мен тағы үш адам қаза тапқан.

Жергілікті БАҚ қаскөйлердің діттегені Италияның КДР-дағы елшісі қызметін 2019 жылдың 31 қазанынан бері атқарып келген Лука Аттанасио болуы мүмкін екенін жазуда. Елші ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмағанн.