Египетте екі балықшылар қайығы аударылып қалды

Египеттің солтүстігінде бір отбасының 13 адамы мінген екі балықшылар қайығы аударылып қалды.

Олар шағын аралға саяхат жасап, кері қайтып келе жатқан. Қайғылы оқиға Александрия маңындағы Бург-эль-Араб аймағындағы көлде болған. Қайықтардың аударудың себептері әлі белгісіз.

Соңғы мәліметтер бойынша құтқарушылар суға батып кеткен жеті адамның мәйітін тапты. Іздеу жалғасуда.