417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда алғаш рет демалыс күндері локдаун жарияланды

  • 46
  • UPD: 10:40, 23.02.2021
Францияда алғаш рет демалыс күндері локдаун жарияланды

Францияның Ницца қаласында алғаш рет демалыс күндері локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидахуал себеп болған. Қазір Францияда коронавирустың британдық штамы кең етек жайып барады. Статистика бойынша әр 100 мың адамға шаққанда шамамен 600-інде осы штамм анықталуда. Осыған орай дәрігерлер жоспарлы операцияларын кейінге қалдыруға мәжбүр. Жаңа шектеу шараларына сәйкес тұрғындар демалыс күндері аса қажеттілік болмаса, сыртқа шыға алмайды. Ірі сауда орындарының жұмыс істеуіне тыйым салынды. Әуежайдағы тексеріс те қатаңдатылды. Сонымен қатар аймақ тұрғындары үшін екпе егу жасы да өзгерді. Егер елдің өзге өңірлерінде 75 жастан асқан тұрғын вакцина қабылдай алса, елдің оңтүстік-шығысындағы Альпі тауларының маңындағы елді мекен тұрғындары 50 жастан бастап екпе еге алады.

Кароль Ише жансақтау бөлімінің басшысы:

- Ауруханаларға ауыр салмақ дәрігердерге әлі де ауыртпашылық түсіп отыр. Соңғы апта жағдай тұрақтала бастаған сияқты еді. Алайда келіп түскен жаңа науқастардың саны қайта күрт арта бастады. Енді Ницца маңындағы эпидахуал өзге өңірлерге қарағанда өте күрделі болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы