420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада тікұшақ құлады: құрбан болғандар бар

  • 60
  • UPD: 15:32, 23.02.2021
Польшада тікұшақ құлады: құрбан болғандар бар

23 ақпанға қараған түні Польшаның оңтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады.

Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

Bell 429 типті жеке тікұшақпен төрт адам сапар шеккен. Тікұшақтың алдында отырған екі ер адам оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Тікұшақ жолдан шамамен 100-200 метр қашықтықтағы орман алқабына құлаған. Оқиға орнында сегіз құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жергілікті полиция мен прокурорлар жеке тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Хабар 24 телеарнасы