420,46 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулде 27 үкіметтік емес ұйымның белсенділері шеруге шықты

  • 58
  • UPD: 14:58, 23.02.2021
Сеулде 27 үкіметтік емес ұйымның белсенділері шеруге шықты

Бүгін Оңтүстік Корея астанасы Сеулде 27 үкіметтік емес ұйымның белсенділері шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесе ұйымдастыратын әскери оқу-жаттығуына қарсылығын білдіруде. Аталмыш шара наурыздың екінші аптасына жоспарланып отыр. Наразылардың пікірінше, бұл жаттығулар Корей Халық Демократиялық Республикасы тарапынан жағымсыз реакцияның білдіруіне ықпал етуі мүмкін. Мәселен шара 2018 жылы екі ел басшылары Мун Дже Ин мен Ким Чен Ынның мақұлдаған келісіміне қарсы. Белсенділердің айтуынша, Оңтүстік Кореяның қазіргі басшысы билік басына келгелі АҚШ-пен бірлесе жасаған әскери іс-шаралардың қатары екі есеге артты. Тіпті оны қаржыландыру да жыл сайын ұлғайып барады.

Мун Джон Хён, шеру қатысушысы:

- Мун Дже Ин мен Ким Чен Ынның кездесуінен кейін Пхеньянға тағы бір рет барам деп ойлағам. Алайда бұған АҚШ тарапы кедергі жасады. Кымгансан кешені мен Кэсон өндірістік кешені ашылып, қос Корея арасындағы теміржол қатынасы жанданады деген үміт болған еді. Үкіметіміздің әбден үрейі қашқан сияқты. Оқу-жаттығуды тоқтатамыз десе, уәдеде тұру керек қой. Бұл сатқындық деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы