Техаста жүк көлік пен пойыз соқтығысты

АҚШ-тың Техас штатындағы Кэмерон қаласында темір жол апаты болды. Белгілі болғандай пойыз жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 14 вагон шойын жолдан шығып кеткен. 

Апаттан кейін жойқын жарылыс болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жүргізушілер де, жолаушылар да дін аман. Жарылыстан жақын жерде тұрған 5 автокөлік өртенді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша пойызда жанармай мен көмір тиелген екен. Қазір құтқарушылар жергілікті тұрғындары эвакуациялап жатыр.

Ал билік өкілдері халықты барынша сыртқа шықпауға шақырады.