Германияда 81 жастағы кейуана интернет жұлдызына айналды

Германияда 81 жастағы әжей ғаламтор жұлдызына айналды. Былтыр көктемде коронавирустың өршуіне байланысты шектеу шаралары енгізілгенде Эрика Ришко үйде бос отырмай, ТикТокта роликтер түсіре бастаған. Сөйтіп, оның бейнежазбаларын көп адам көріп, танымалдығы артқан.

Бүгінде әжей 100-ден аса ролик жария етіпті. Онда Эрика Ришко би билеп, түрлі жаттығу жасайды. Кейуана осылайша спортпен айналысуға не карантин, не жас кедергі емес екенін көрсеткісі келген.

Эрика Ришко, Лангенфельд қаласының тұрғыны:

- Маған қолдау білдіріп жатқан жастар көп. Мұның бәрі мені алға жетелейді. Кейбіреулер тіпті «әжеміз қайтыс болған, маған әже боласыз ба» деп жазып жатады. Мен осындай танымал боламын деп ойлаған жоқ едім. Демек, дұрыс бағытта таңдаған екенмін.