Пандемия 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін – ДСҰ

Коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы Еуропа аймағы бюросының басшысы Ханс Клюгенің пікірі.

Айтуынша, пандемияның ең қиын кезеңі артта қалды. Індеттің таралуы толық тоқтамаса да қатаң шектеу шараларын енгізу енді қажет болмауы мүмкін. Өйткені қауіпті вирстың таралуы жайында ақпарат жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Ал оның мутацияға ушырауы қалыпты жағдай.

Дегенмен, соған бола  вакцинаны жаңадан шығарудың еш қажеттілігі жоқ дейді маман. Қолданыстағы екпенің құрамы өзгеруі мүмкін.

Сондай-ақ...