Грузияда жұмыссыздық артты

Грузияда жұмыссыздық өткен жылдың төртінші тоқсанында 2019 жылмен салыстырғанда 4 процентке төмендеді. Сарапшылар мұны статистикалық қызмeттердің жаңа стандарттарды қолдана бастауымен түсіндіреді. Егер жарты жыл бұрын Грузияда халықтың 11 проценті жұмыс істемесе, қазір бұл көрсеткіш 20 процентке жеткен. Басты себеп коронавирус індеті.

Грузияда еңбек нарығы құрдымға кету алдында тұр. Бірнеше сала құлдырап, дағдарысқа ұшырады. Коронавирус індетінен елде жұмысқа қабілетті әрбір бесінші тұрғын кәсібінен айырылып, жұмыссыз қалды. Індетке дейін туристік фирма жетекшісі болып қызмет еткен  Лариса Авакова Израиль, Қазақстан, Ресей және өзге де елдерден келген саяхатшыларға тур ұйымдастыратын. Қазір өзі де, кәмелетке толған үш баласы да 1 жылдан бері бос отыр.

Лариса Авакова, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- Кіші қызым бала күтуші болып жұмыс істеген еді. Ал ортаншы қызым мен ұлым компьютер саласының мамандары. Қазір барлығы жұмыссыз. Күндерін әзер көріп отыр. 6 айдан бері мемлекеттен 200 лари ғана көмек қаржы алдық. Жақында тағы 200 лари берді. Бірақ коммуналдық қызмет бағасы өсіп кеткендіктен қаржылай көмектің жартысы соған кетіп жатыр.

Індеттен елде әсіресе мейрамхана саласы қатты зардап шегіп жатыр. Қазір оларға сыртта қызмет көрсетуге рұқсат берді. Бірақ мейрамханалар мен дәмханалардың көбі әлі жабық. Кәсіби аспазшы Бека Тциклаури тағамдарды үйден дайындауға мәжбүр.

Бека Тциклаури, Тбилиси мейрамханасының бас аспазшысы:

- Соңғы 5 жылда бас аспашы болып жұмыс істеп келем. Бірақ індеттен кәсібіміз тоқтап қалды. Мейрамханалардың толық ашылуын тағатсыздана күтіп жүрміз. Шектеулер біз секілді маман иелеріне де кәсіпкерлерге де қиын соғуда. Жалпы індеттен Грузия үшін өте маңызды сала саналатын туризм қатты жапа шекті.

Грузияда 4 миллионға жуық халықтың 2 миллионнан астамы жұмысқа қабілетті жастағы топ қатарында. Бірақ індеттен олардың жартысына жуығы жұмыссыз қалған. Билік мәселені түрлі жолдармен шешуге күш салып жатыр. Жұмысқа орналастыру болйынша арнайы агенттік құрылды. Тіпті шетелде жұмыс істеуге ұсыныстар түседі.  Мысалы, соңғы 2 аптада ауыл шаруашылығында еңбек ету мақсатымен 80 мыңнан аса адам шетел асыпты. Ал сарапшылар жуық арада еңбек нарығы оңала қоймайтынын айтып отыр.

Автор: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили