Еуроодақ Африкаға вакцина жөнелтеді

Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Эммануэль Макронның бастамасын құптап отыр. Франция президенті Африка елдеріндегі медицина қызметкерлеріне 13 млн доза вакцина бөлу жөнінде ұсыныс білдірген еді. 

Бұл туралы ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бейнеконференциясында жариялады.

Естеріңізге салайық, жуырда Оңтүстік Африка Республикасының президенті мен Африка одағының басшысы Сирил Рамафоса қайырымдылық мақсатында бақуатты елдерді кедей мемлекеттерге вакцинасының бір бөлігін беру туралы өтініш білдірген болатын. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДСҰ басшысы:

- Бүгінге дейін әлемде ковид-19 індетіне қарсы 210 млн доза вакцина егілді. Олардың 80 проценті 10 елде. Әлі де 200-ден астам мемлекетке мүлдем екпе жетпеген.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Өткен аптада Еуроодақ халықаралық «Ковакс» бағдарламасын қолдау мақсатында 2 млн 200 мың еуро қаржы бөлген болатын. Президент Макронның Африка елдеріндегі медицина қызметкерлеріне екпе егу үшін белгілі бір көлемде вакцина бөлу керек деген бастамасын толығымен құптаймын. Ауруға қарсы дәрі әлемнің түкпір-түкпіріне тез арада жетуі керек.

Сондай-ақ...