Арменияда оппозиция наразылық шеруін өткізді

Армения астанасында оппозициялық күштер тағы наразылық шарасын өткізді. Акцияға қатысушылар үкімет ғимаратының алдына жиналып, премьер-министр Никол Пашинянның ғимаратқа кіруіне бөгет жасады.

Полиция 51 адамды қамауға алды. Ал кешкісін қаладағы Республика алаңына бірнеше мың адам жиналып, Ұлттық қауіпсіздік қызметі пен Полиция ғимаратына қарай шерулетті.

Еске сала кетейік, Арменияда премьер-министр Никол Пашинян үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен шерулер өткен жылдың қараша айына жалғасып келеді. Оппозиция уақытша үкімет жасақтап, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етуде. 

Гегам Манукян, «Дашнакцутюн» партиясының өкілі:

- Оппозиция ғана емес, қоғам да премьер-министрдің қызметтен кетуін қалайды. Біздің мақсатымыз парламент пен үкіметтің қызметінен кететін уақыты жеткенін халыққа айтып түсіндіру. Бұл еліміздің дамуы үшін қажет.