Эквадорда түрмедегі бүліктен 75 адам қаза тапты

Эквадордың үш қаласындағы түрмелерде шыққан бүліктен 75 адам мерт болды. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қанды оқиғаға жауласқан қылмыстық топтардың келіспеушілігі мен қашпақ болғаны себеп болды. Кейін бүлік шыққан түрмелердің алдына сотталушылардың туған-туыстары жиналған. 

Аймақтағы тәртіпті қадағалау үшін жергілікті билік әскерилерді жұмылдырды.

Айта кетейік, ел аумағы бойынша сотталған қылмыскерлердің 70 проценті осы түрмелерде жазасын өтеуде.

Сондай-ақ...