Францияда Депардьеге қатысты тергеу қайтадан басталды

Франция прокуратурасы әйгілі актер Жерар Депардьеге қарсы қайта тергеу бастады. Оған жас актрисаны зорлады деген айып тағылып отыр.

Іс 2018 жылғы оқиғамен байланысты. Бірақ жапа шегушінің аты-жөні белгісіз. Депардье өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып отыр.

Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жапа шегуші Депардьеге қарсы шағымды 2018 жылы түсіріп, іс дәлелдердің жеткіліксіздігінен 2019 жылы жабылған. Бірақ жапа шегуші былтыр жазда қайта шағымданып, желтоқсан айында іс қайта қозғалған.

Айта кетейік, Жерар Депардье әлемдегі ең танымал француз әртістерінің бірі. Ол 180-нен астам киноға түскен.