Жапонияда бала туу көрсеткіші төмендеп кетті

Жапонияда былтыр бала туу көрсеткіші ел тарихындағы ең төменгі деңгейге түскен. 2020 жылы мұнда 873 мыңға жуық сәби дүниеге келіпті. Сондай-ақ өткен жылы елде неке қию саны да азайған екен.

Сарапшылар мұның бәрін жапондықтардың жұмысбастылығымен түсіндіреді. Яғни олар мансап қуамыз деп, жеке өмірге көп көңіл бөлмейтін көрінеді. Мамандар «осылай жалғаса беретін болса, 126 миллион халқы бар Жапонияда осы ғасырдың соңына таман 53 миллион ғана тұрғын қалуы мүмкін» дейді. Бірақ бір қызығы, өткен жылы коронавируске қарамастан Жапонияда кісі өлімі соңғы 11 жылдағы ең төмен көрсекткішке дейін азайған.