Боливияда дәрігерлер жаңа заңға қарсы шеруге шықты

Боливия халқы биліктің жаңа заңына қарсылығын білдіріп бас көтерді. Ла-Пас қаласында басталған наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

Жуырда үкіметтің қабылдаған жаңа заңы бойынша медицина қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде қандай да бір наразылық акция ұйымдастыруға тыйым салынған. Дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының өкілдері бұл құжаттың күшін жою керек деген талап қойды.

Айтуынша, бұл заң дәрігерлердің құқығын шектейді. Айта кетейік, соңғы кездері Боливияда медицина саласының қызметкерлері жиі ереуіл ұйымдастыра бастады. Бұған қарамастан наразылардың назына құлап асып жатқан билік жоқ.