433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиднейдегі зообақта коала дүниеге келді

  • 108
  • UPD: 15:36, 24.02.2021
Сиднейдегі зообақта коала дүниеге келді

Сидней хайуанаттар паркі соңғы бір жылда алғаш рет кішкентай коаламен толықты.

Хамфри есімі берілген коала 8 ай бұрын дүниеге келген көрінеді. Бірақ парк мамандары оны тек соңғы бірер апта бұрын ғана байқапты. Кішкентай коала осы уақытқа дейін шешесінің қалтасында жатқан екен.

Еске сала кетейік, Австралияда 2019 жылы алапат орман болып, 3 миллиардтан астам жануар қырылған. Ғалымдар жабайы табиғаттың қалпына келуі үшін 1 ғасырдай уақыт керек екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы