Техаста жұртты жарықсыз қалдырған компания басшылығы жұмыстан кетті

Техас жұртының жаппай жарықсыз қалуынан жергілікті энергетикалық компанияның басшылығы отставкаға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында мекеменің директорлар кеңесінің мүшелері, төрайымы мен орынбасары бар.

Айта кеткен жөн, өткен аптада Техаста күн күрт суытып, өңірде миллиондаған адам су мен жарықсыз қалған. Осыған байланысты тұрғындар энергетикалық компанияның үстінен ұжымдық арыз жазды. Шағымданушылар қатарында үйінде үсіп өлген 11 жастағы баланың туыстары да бар. Негізі, синоптиктер аномальді аяз жайлы алдын ала ескерткен екен. Алайда энергетикалық компания өкілдері «ақаулар болмайды» деп сендірген. Бірақ іс жүзінде электр желілері аязға шыдас бермеген. Енді штат билігі бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қазір үйлердің көбіне электр энергиясы қайта берілген. Бірақ кейбіреулері әлі жарықсыз отыр.

Блиц 1:

- Бірнеше күн су болмады. Жарық әлі берілген жоқ. Үйдің іші суық. Менің денсаулығым нашар. Демікпем бар. Жүрегім ауырады.

Блиц 2:

- Егер төлемді кешіктірсеңіз, бірден электр энергиясы өшіріледі. Ал, қазір кейбіреулер жарықсыз отыр. Сонда энергетикалық компания бұл жайында қалай бейхабар.