432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испаниядағы тәртіпсіздіктерден 1 млн еуро шығын келді

  • 126
  • UPD: 18:54, 24.02.2021
Испаниядағы тәртіпсіздіктерден 1 млн еуро шығын келді

Испанияда рэп орындаушысының тұтқындалуына қарсы тәртіпсіздіктер кезінде бас-аяғы 131 адам қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, келтірілген материалдық шығын бір миллион еуроға бағаланып отыр. Айта кеткен жөн, Испанияда өткен аптадан бері ереуілдер басылмай тұр. Оған рэп орындаушының 9 айға тұтқындалуы себеп. Пабло Асель «өз әндерінде лаңкестік ұйымдарға қолдау білдіріп, король отбасын балағаттады» деп айыпталып отыр. Алайда жұрт оның босатылуын талап етіп, күнде наразылық акцияларын өткізуде. Бірақ ереуіл соңы көп жағдайда жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып жатыр. Өйткені қатысушылар қоқыс жәшіктерін өртеп, дүкендерді тонаған. Полицейлермен қақтығысқа түскен.

Хабар 24 телеарнасы