Грузия Қазақстан азаматтары үшін елге келу шартын жеңілдетті

Грузия билігі 1 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары үшін елге келу шартын жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді вакциналау төлқұжаты қажет емес, тек ПТР-тест тапсыру керек. Грузияда ақпанның 1-інен әуе қатынасы қайта ашылған еді. Бірақ шекарадан өтудің қатал ережелеріне байланысты елге туристер келген жоқ. Грузиядағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастағаннан кейін үкімет елге келу шартын жеңілдетуді шешті.

Ираклий Гарибашвили, Грузия премьер-министрі:

- Армения, Әзербайжан, Ресей және Беларусь азаматтары 1 наурыздан бастап ПТР-тестпен Грузияға ұшып келе алады. Ал құрлықтағы шекараларымызда бұрынғы тәртіп сақталады.