Ван Гогтың туыныдысы бір ғасырдан аса уақыттан кейін алғаш рет көрсетілмек

Атақты голланд суретшісі Винсент Ван Гогтың суреті бір ғасырдан аса уақыттан кейін алғаш рет көпшілікке көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әңгіме 1887 жылы салынған «Монмартрдегі көше көрінісі» атты туынды жайлы. Ол 100 жылдан аса француз отбасының жеке коллекциясында болған екен. Енді сурет Амстердам, Гонконг пен Париждегі көрмелерге қойылады. Ал наурызда «Сотбис» аукцион үйі оны сатылымға шығарады. Мамандар туындының бағасы 10 миллион долларға дейін жетуі мүмкін деп отыр.

Айта кеткен жөн, Ван Гогтың аукционда сатылған ең қымбат туындысы – «Гаше дәрігердің портреті». 1990 жылы ол 82 миллион 500 мың долларға сатылып кеткен екен.   

Клаудиа Мерсье, Sotheby’s аукцион үйінің өкілі:

– Бұл сурет өнерін бағалаушылар үшін жақсы жаңалық болды. Туындыны бұған дейін тек каталогтарда ғана басып шығарған. Сурет осы күнге дейін көпшілікке көрсетілмей келді.

Сондай-ақ...