Австралияда бір қойдан 35 келі жүн қырқылды

Былайша айтқанда, кенгуру салмағының жартысымен пара-пар салмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мәлім болғандай, осы қой 5 жыл бұрын жоғалып кеткен. Яғни сонша жыл жүні қырқылмаған. Орманда жүрген қойды жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, мамандарға хабарлапты. Жануарға 35 келі жүнді алып жүру оңай дейсіз бе, қырықтыққа тап болып, кәдімгідей сергіп қалған.

Айтпақшы, 2015 жылы Австралияда осыған ұқсас оқиға тірелген еді. Мамандар фермадан қашып кеткен қойды тауып алып, үстінен 40 келі жүн қырқып алған. Ол әлемдік көрсеткіш болып саналады.