2020 жылы әлемде 255 млн адам жұмыссыз қалған

2020 жылы Covid-19 пандемиясына байланысты еңбек нарығында қысқартылған жұмыс орындарының саны қаржы дағдарысы болған 2009 жылға қарағанда төрт есе көп.

Бұл туралы «Известия» газетіне берген сұхбатында Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер айтты.

«Біз 2020 жылы болған жайттарды қорытындыладық. Ақпаратымызға сәйкес, жұмыс сағаты, яғни нақты атқарылған жұмыс 8,8%-ке қысқарған. Бұл 255 млн жұмыс орнының қысқарғанына тең. Ал бұл көрсеткіш экономикалық дағдарыс болған 2009 жылдан төрт есе көп», – деді ол.