Швеция билігі шектеу шараларын қатаңдатады

Швеция билігі пандемияның үшінші толқынын алдын алу үшін аймақтағы шектеу шараларын қатаңдатпақ ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ережеге сай мейрамхана, кафе, мен барлардың жұмыс істеу уақыты қысқартылады. Ірі сауда орындарындағы адам санына да шектеу қойылды. Халықтың маска тағуына да баса мән беріліп отыр. Сонымен қатар 2006 жылға дейін туған балалар үшін спорттық жарыстар уақытша ұйымдастырылмайды.

Айта кетейік, соңғы кездері Швецияда тәулігіне 5 300-ден астам адам коронавирустың құрығына ілініп жатыр. Мамандар елде індеттің британдық штамы кең етек жайып бара жатқанын айтады. Жалпы пандемия басталғалы Швецияда 12 мың 800 адам індетке шалдыққан екен. 

Стефан Лёвен, Швеция премьер-министрі:

– Қазір Швециядағы эпидемиологиялық ахуал қайта ушығып барады. Тәулігіне тіркелген науқастардың саны артуда. Ал вирустың мутацияға ұшыраған түрі жағдайды одан бетер алаңдатып тұр. Індеттің үшінші толқынын болдырмау үшін дер кезінде тиісті шараларды қолға алғанымыз жөн.