Финляндияда қайтадан төтенше жағдай енгізіледі

Финляндияда індеттің күшеюіне байланысты төтенше жағдай енгізілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдегі телеарнаның бірі хабарлады. Билік мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысын шектеуді көздеп отыр. Шара елде адамдардың байланысын азайтып, вирусты жұқтыруды төмендету үшін қолға алынбақ.

Айта кетейік, Финляндияда төтенше жағдай соңғы рет былтыр көктем кезінде енгізілген болатын. Ал ресми дерекке сүйенсек, бұл елде вирусты жұқтырғандар саны күніне 600-ге жеткен. Дертке шалдыққандардың жалпы саны 55 мыңнан асады.

Сондай-ақ...