Байден мигранттарға қатысты шектеулерді жеңілдетті

Ақ үй басшысы Джо Байден шетел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне қатысты кейбір шектеулердің күшін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, иммигранттарға қатысты қаулыны елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп қабылдаған болатын. Байденнің пікірінше, бұл заң тұрақты тұру құқығын алған мигранттардың отбасы мүшелерімен қауышуына кедергі болды.

Естеріңізге салайық, құрама штаттарының қазіргі президенті билік басына келгелі Дональд Трамптың көші-қон саясатына бірнеше өзгертулер енгізіп, мигранттарды қабылдау квотасын арттыра бастаған болатын.

Сондай-ақ...