432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда лай көшкінінен 5 адам көз жұмды

  • 113
  • UPD: 15:28, 25.02.2021
Индонезияда лай көшкінінен 5 адам көз жұмды

Тағы 70 адам ізім-қайым жоғалып кеткен.

Оқыс оқиға Орталық Сулавеси провинциясындағы алтын кен орнында болған. Оған толассыз нөсер себеп. Белгілі болғандай, алтын өндіру жұмыстары заңсыз жүргізілген екен. Қазір өңірде іздестіру-құтқару оперциясы жүріп жатыр. Бірақ шахта мамандардың қатынауы үшін қиын өңірде орналасқан. Сондай-ақ аймақта қайтадан лай көшкіні жүру қаупі сейілмей тұр. Негізі, бұған дейін осы Индонезияның Суматра аралында нөсер салдарынан аспалы көпір опырылып құлап, 9 адам опат болған еді. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар жаңбыр наурызға дейін басылмайды деп отыр.      

Хабар 24 телеарнасы