Мьянмада жер сілкінді

Мьянмада күші 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апаттың ошағы Мандалэй қаласынан 39 шақырым жерден өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кету керек, Мьянманың солтүстігінде орналасқан Мандалэй қаласында 1,7 млн халық тұрады.

earthquaketrack.com

Аударған: Г.Абилова

Сондай-ақ...